Мәскеу Орталық Ұлы мешіті ашылады

Ердоған бүгін Ресейге іссапармен барады.

353170
Мәскеу Орталық Ұлы мешіті ашылады

Президент Режеп Тайып Ердоған бүгін Ресейге іссапармен барады.
Ердоған Түркияның да үлесімен салынған Мәскеу Орталық Ұлы мешіттің беташар рәсіміне қатысады.
Беташарға орыс лидері Путин де қатысады.
Екі лидер кездесуінде екі ел қарым-қатынастарымен қатар Сирия баста болып аймақтық мәселелерді қолға алады.
Президент Ердоғанның Мәскеу зияраты барысында Палестина мемлекет басшысы Махмұт Аббаспен кездеседі.
Президент Ердоғанның қатысатын рәсіммен жұмысқа қосылатын Мәскеу Орталық Ұлы мешіті Ресей және Түркияның үлесімен 7 жылда тамамдалды. 

Енді мешітте бір уақытта 10 мың адам намаз оқи алады. Алайда бұл мұсылмандардың мешіт маңында мәжбүрлі құлшылық ету мәселесін шешпейді, себебі қалада 2 млн жуық мұсылман бар. Ал мешіт не бәрі алтау ғана.

Жобаны іске асыруға 170 млн. доллар жұмсалды. Қаражаттың басым бөлігі - қарапайым құлшылық етушілердің қайырымдылық көмегімен жиналды. Кәсіпкер Сулейман Керімов демеушілік көрсетті. Түркия президенті есік, аспашам, кілемдер сыйға тартты. Бұдан басқа, түрік шеберлері дизайн, әрлеу жұмыстарын өтеусіз орындап берді.

Мешіттің ашылуына Ресей Мүфтилер кеңесі мыңдаған қайырымдылық жасаушылардың есімдері жазылған Алтын кітапты жарыққа шығарды.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар