Эртуғрул Газиді еске алу және Йөрүк фестивалі басталды

Президент Ердоған аталмыш мерекеге орай құттықтау жариялады.

386832
Эртуғрул Газиді еске алу және Йөрүк фестивалі басталды

Президент Режеп Тайып Ердоған 734-ші Эртуғрул Газиді еске алу және Йөрүк фестивалі себепті жариялаған құттықтауында бірлік пен ынтымақтастыққа назар аударды.
Ердоған құттықтауында «Әртүрлі дін, тіл және мәдениеттерге мүше адамдардың ғасырлардан бері бір ортада бейбіт өмір сүруін қамтамасыз еткен түсінікті, болашақ ұрпаққа жеткізу аса маңызды болып табылады» деді.
Құттықтауда Түркия Республикасының терең бір мұраның үстіне құрылғанын атап көрсеткен президент «Түркия Республикасы бейбіт және мейірімділік мәдениетін негізге алған өткені және тарихтан келе жатқан құндылықтарымен нақты қадамдарын басуды жалғастырады» делінді.
Ердоғанның құттықтауында «Осы ойлармен Эртуғрул Газидің рухы алдында бірлік пен ынтымақтастығымыз үшін күрескен барлық батырларымызды құрметпен еске аламыз. Азаматтарымызды шын жүректен құттықтаймын» деген сөздер орын алды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар