Кезектегі қарсылас – Германия
Германия-Түркия матчы Түркия уақытымен сағат 18,45-та басталады.
Еуропабаскетбол чемпионатында В тобында Түркия үшінші матчында бүгін Германия командасымен ойнайды.
Бас қала Берлинде болатын Германия-Түркия матчы Түркия уақытымен сағат 18,45-та басталады.
Топтағы бірінші матчында Италия командасын 89-87 есебімен жеңіп, 58 жылдан кейін табысқа қол жеткізген ұлттық құрама екінші матчында Испаниядан жеңілген болатын.
Турнирді 71-65 есебімен Исландия жеңісімен бастаған немістер болса екінші матчында Сербиядан жеңіліп қалды.
В тобында екі жеңіске жеткен Сербия көш бастап отыр. Артынан Испания, Италия, Германия мен Түркия келеді. Исландияның жеңісі жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
![Түркияның волейболдан әйелдер құрамасы финалға жолдама алды](http://cdn.trt.net.tr/images/medium/rectangle/384b/1882/6eee/666bd2eae5fb8.jpg?time=1718409757)
Түркияның волейболдан әйелдер құрамасы финалға жолдама алды
Түркияның волейболдан әйелдер құрамасы әлем лигасында жалғасты тарих жазуда.
![Түркияның маңызды туристік орындары Грекияда таныстырылды](http://cdn.trt.net.tr/images/medium/rectangle/1333/820e/6183/666a90f706c75.jpg?time=1718409757)
Түркияның маңызды туристік орындары Грекияда таныстырылды
Түркияның алдыңғы қатардағы туристік орындары Грекияда таныстырылды.