4 алтын сыйлады

Виктория Зейнеп Гүнеш чемпион атанды.

372361
4 алтын сыйлады

Көптеген елден ұсыныс келді. Ол Түркияны таңдады.


Түрік спорт тарихына есімі жазылған Украина текті түрік ұлттық спортшысы Виктория Зейнеп Гүнеш соғыстан қашып келді, енді тарихта аты қалады.


Виктория Зейнеп Сингапурда өткен жастар арасында Жүзуден әлем чемпионатында қоржынына алтын медаль салды.


Украинаның шығысында шыққан қақтығыс салдарынан қиыншылық шеккен, Украина атына 2013 жастар чемпионатында үш медаль алып, 15 жасында атын әлемге паш еткен Виктория Зейнеп Түркияға келді.


Ресей, Мысыр және Швеция сынды көптеген елден шақыру алған чемпион отбасымен бірге Түркия атынан жарысуға келісті.


Виктория Зейнеп Гүнеш Сингапурдағы чемпионатта Түркияға 4 медаль алып берді.


Халықаралық жүзу федерациясы тарапынан чемпионаттың Үздік қыз жүзушісі сыйлығына лайықты деп табылған Виктория Зейнепті президент Ердоған да құттықтады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар