Джокович «игі ниет елшісі» атанды

Серб теннис ойыншысы Новак Джокович ЮНИСЕФ тарапынан «игі ниет елшісі» ретінде таңдалды.

370972
Джокович «игі ниет елшісі» атанды

Атақты теннис ойыншысы Джокович «игі ниет елшісі» атанды.


Ерлер арасында әлем көлемінде бірінші орында тұрған серб теннис ойыншы Новак Джокович БҰҰ ЮНИСЕФ тарапынан «игі ниет елшісі» ретінде таңдалды.


ЮНИСЕФ Сербияның ЮНИСЕФ елшілерінің бірі ретінде қамқоры жоқ балаларға байланысты жобаларда міндет атқарған 28 жасар Джоковичтің шеттетілген балаларға деген ықыласы, балалар құқығына деген тәуелдігіне орай таңдалғанын мәлімдеді.


Джокович болса ЮНИСЕФ-тің «игі ниет елшісі» болғанын мақтан тұратынын айтып, «Балалар құқығын қорғаумен қоса әрбір баланың жақсы күтім көруі үшін көмектесуді жалғастырамын» деді.


Джоковичтен бұрын осы міндетке АҚШ-тан теннис ойыншысы Серена Уильямс, Аргентинадан футболшы Лионель Месси, ағылшын футболшы Дэвид Бекхэм сынды спортшылар таңдалған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар