Жас палуандар әлем чемпионатына дайындалып жатыр
Бүкіләлемдік жастар күрес чемпионатына қатысатын ұлттық құрама Анкарада жаттығуларын жалғастыруда.
![Жас палуандар әлем чемпионатына дайындалып жатыр](http://cdn.trt.net.tr/images/xlarge/rectangle/10-11/Files/UploadedImages/5273319943gre.jpg?time=1718698026)
Бүкіләлемдік жастар күрес чемпионатына қатысатын ұлттық құрама Анкарада жаттығуларын жалғастыруда.
Чемпионатқа дайындалған Еркін күрестен жастар құрамасы 6 тамыз күніне дейін бас қалада жаттығады.
Бразилияның Салвадор Да Баия қаласында 11-16 тамыз күндері аралығында болатын чемпионатқа Түркия атынан палуандар Бекир Шахин /50 келі/, Сезгин Пишмишоғлу /55 келі/, Селим Козан /60келі/, Энес Услу /66келі/, Ахмет Ертүрік /74келі/, Мұстафа Сессиз /84келі/, Айкут Ышык /96келі/, Юнус Эмре Деде /120келі/ қатысады.
Бапкер Элван Мерт өткен жылғы әлемдік чемпионатта алтын медаль ала алмағандарын еске салып, биыл Бразилияда екі немесе үш ақтық сайысқа шығатындарын айтты. Мерт «Әлем чемпионатында өткен жылы 4 медаль алдық, бірақ бұлардың арасында алтын медаль жоқ. Осы чемпионатта алтын медаль алуды жоспарлап отырмыз» деді.
Ұқсас жаңалықтар
![Мәскеудегі түрік қауымы Құрбан айтты бірге тойлады](http://cdn.trt.net.tr/images/medium/rectangle/8e6a/2853/0aaf/666fd7abbd4f1.jpg?time=1718698026)
Мәскеудегі түрік қауымы Құрбан айтты бірге тойлады
Ресейдің астанасы Мәскеудегі түрік қауымы Құрбан айтты бірге тойлады.