Блогерлер Түркияда

Американың беделді блогерлері Түркияда қонақ болды.

327867
Блогерлер Түркияда

Түрік әуе жолдары әлемдегі беделді саяхат блогерлерін Түркияда қонақ қылды.


Түрік әуе жолдарының хабарына қарағанда, біріншісі Америка Құрама Штаттарында ұйымдастырылған «Саяхат блогерлері саммитінің» екіншісі 29 американдық жазушының қатысуымен Түркияда болып өтті.


Биылғы шарада Америкадан келген блогерлер екі күн бойы Стамбулдың тарихи және мәдени мекендерін аралады. Түрік асханасымен бірге түрік өнері мен мәдениетінің байлығын өз жерінде көрді.


Түрік әуе жолдары американдық атақты блогерлер үшін ауқымды сапар ұйымдастырды. Қонақтар екі күндік Стамбул саяхатынан кейін Шанлыурфа-Мардин, Кония-Каппадокия, Трабзон-Ризе және Эфес-Памуккале аймақтарына барды.


Түрік әуе жолдарының «Саяхат блогерлері саммитінің» бейне көріністерін
https://youtube/YfkpkSIrD4k адресінен, суреттерін болса
www.lovefromturkey.com адресінен көруге болады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар