Ұлттық боксшымыз Бусеназ Сүрменели әлем чемпионы болды

Ұлттық әйелдер бокс командамыз Тайваньнан 6 медальмен елге оралды.

286969
Ұлттық боксшымыз Бусеназ Сүрменели әлем чемпионы болды

Әлем бокс одағы (AIBA) тарапынан ұйымдастырылған және Тайваньның Тайбей қаласында 45 елден 446 спортшының қатысуымен жүзеге асқан Жұлдыз және Жас қыздар Әлем бокс чемпионатында ұлттық спортшымыз Бусеназ Сүрменели Әлем чемпионы аталды.
Елімізге 75 кг. салмақта жас қыздар категориясында өкілдік жасаған Сүрменели қытайлық қарсыласы Лу Цангты жеңіп, алтын медальге қол жеткізді.
Чемпионатта Бусеназ Сүрменелиге қоса жастар 46 кг.салмақта Бейза Сарачоғлу күміс, жұлдыздар 50 кг. салмақта Айтен Сүментор, 70 кг. салмақта Элиф Сыла Гүндүз, 75 кг. салмақта Сема каракойун және +80 кг. салмақта Нур Хилал Кандемир болса қола медаль алды.
Түркия осылайша 1 алтын, 1 күміс және 4 қола барлығы 6 медальмен 45 ел арасында 4-ші орында чемпионатты аяқтады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар