Еуровидение ән байқауының жеңімпазы - Швеция

Австрияның астанасы Венада биыл 60-шы рет ұйымдастырылған 2015 жылы Еуровидение ән байқауының ақтық сайысы өтті.

286873
Еуровидение ән байқауының жеңімпазы - Швеция

Швециялық Манс Земерловтың "Heroes" (Хирос) атты әні Еуровидениеде бірінші орын алды.
27 мемлекеттің өкілі қатысқан ән байқауында жалпы 365 балл жинаған 28 жасар Земерловтың артынан 303 балмен екінші орынды «A Million Voices» атты әнімен Ресейдің өкілі Полина Гагарина және үшінші орынды 292 балмен «Grande Amore» атты әнімен италияндық II Volo (Ту Воло) атты топ иеленді.
Швеция осылайша Еуровидение ән байқауы тарихында 6-шы рет бірінші орынға қол жеткізді. Ақтық сайысында Әзірбайжан өкілі Элнур Хүсеинов болса «Hour of the Wolf» (Қасқырдың уақыты) әнімен 49 балл жинап тізімде 12 орнын алды.
2003 жылы Сертаб Эренердің «Everyway That I Can» атты әнімен бірінші орын алған Түркия дауыс беру жүйесіне наразылық көрсеткені үшін 2012 жылдан бері Еуровиденийе ән байқауларына қатыспайды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар