Алғашқы ширекте туризм табыстары артты

Түркия Статистикалық мекемесі жылдың алғашқы ширегіне қатысты туризм статистикасын жариялады.

256668
Алғашқы ширекте туризм табыстары артты

Осыған қарағанда туризм табысы алғашқы ширекте өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 1.3 пайыз артты және 4 миллиард 868 миллион 890 мың долларға ұласты. Туризм табысының 78.8 пайызы шетелдік келушіден, 21.2 пайызы болса шетелде өмір сүрген азаматтарынан түсті.
Бұл ширекте жұмсалған шығындардың 4 миллиард 457 миллион 546 мың долларын жеке, 411 миллион 343 мың долларын болса пакет тур шығындары құрайды.
Жылдың алғашқы ширегінде келушілердің адам басына шаққанда орташа шығыны 911 доллар болғанда, шетелдіктердің орташа шығыны 884 доллар шетелде өмір сүрген азаматтардың орташа шығыны болса 994 доллар болып жүзеге асты.
Аталмыш кезеңде шетелге шыққан азамат саны алдынғы жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 779 пайыз артып, 1 миллион 865 мың 59 адамға жетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар