Измирде Наурыз мерекесі

Измирдің Тире ауданын түркі әлемінің басын қосты.

277199
Измирде Наурыз мерекесі

Көктемнің сүйінші мерекесі Наурыз Измирдің Тире ауданында түркі әлемінің басын қосты.
Наурыз мерекесіне 8 ел делегациясы қатысты. Орталық Азиядан әншілер мен бишілер өнер көрсетті.
Наурыз мерекесі талай ғасырдан бері жалғасып келе жатқан түркі әлемінің ең маңызды мерекесінің бірі болып табылады.
Эгей университеті түркі әлемі зерттеу институтының ұйымдастырылуында өткен іс-шара өте тамаша болды.
Зейбек биі биленді, ән шырқалды. Барша қауым мерекенің шаттығына бөленді.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар