Енді әлеуметтік желіде Ататүрікке балағат сөз жазылмайды

Facebook-тағы "Қоғам стандарттары" жаңаланды.

267983
Енді әлеуметтік желіде Ататүрікке балағат сөз жазылмайды

Енді әлеуметтік желіде Ататүрікке балағат сөз жазылмайды.


1,4 миллиард қолданушысы бар Facebook әлеуметтік желісінің басшысы Марк Цукерберг «Қоғам стандарттарына» Ататүрік критерийін келтірді.


Цукерберг «Түркияда Ататүрікке балағат сөзге тыйым салынған. Түркияның мәдени және тарихи құндылықтары үшін Ататүрікке балағат сөз келсе, басылымды өшіреміз» деді.
Хабарламаға қарағанда, елдердің мәдени және тарихи құндылықтарына байланысты шарттар жаңаланды.


Цукерберг «Әрбір елдің өзіне тән шектемелері бар. Мысалы Түркияда Ататүрікке балағат сөзге тыйым салынған. Германияда фашистердің иудейлерді қырғаны қабылданды. Немесе мұсылман елдерде дінге балағат қылмыс деп есептеледі. Сондықтан «Қоғам стандарттары» жаңаланды. Осы шарттарға бағынбайтын басылым мен сөздерді өшіреміз» деді.


Facebook әлеуметтік желісі үкіметтерден келген талаптардың есебін де жариялады. Осыған қарағанда, Түркия өшірілген басылымдар саны тұрғысынан 3624-пен екінші орында. Тізімнің басында 5832 басылыммен Үндістан келеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар