Түркия-Германия Фильм Фестивалі басталды

Нюрнберг Фильм Фестивалі түрік-неміс достығының дәлелі.

263063
Түркия-Германия Фильм Фестивалі басталды

Германияның Нюрнберг қаласында 20-шысы ұйымдастырылған фестивальдің беташар рәсімінде Явыс Тургут, Шенер Шен және Ханна Шигуллаға құрметті жүлде берілді.
Фестиваль аясында Түркиядан бес және Германиядан төрт болып жиыны тоғыз кинофильм жарысқа түсуде.
Бәсекеге қатысқан фильмдерге қатты көңіл бөлгенін баяндаған Нюрнберг қалалық әкімі Улрич Мали Германиядағы Ислам дұшпаны Пегида ереуілдеріне ең тамаша жауаптың түрік-неміс достығын бейнелеген Нюрнберг Фильм Фестивалі арқылы берілгенін айтты.
Неміс актриса Ханна Шигулла да түрік-неміс достығына тоқталып, неміс қауымының түріктердің динамикасымен жасарғанын баяндады.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар