Стамбул кинофестивалі басталады

Фестивальде 62 елден 200-ден астам фильм көрсетіледі.

257326
Стамбул кинофестивалі басталады

Стамбул кинофестивалі басталады.


34-ші Стамбул кинофестивалі 4 сәуір күні басталып, екі апта жалғасады.


Фестивальде 62 елден 200-ден астам фильм көрсетіледі.


Кинофестивальді Стамбул Мәдениет өнер қоры ұйымдастыруда.


Фестиваль аясында Киноматография Құрмет сыйлықтары биыл режиссер және продюссер Йылмаз Атадениз, музыкант Джахит Беркай, актриса Небахат Чехре, сценарист Сафа Өнал және актер Сүлейман Туранға беріледі.


Ирандық режиссер Бахран Хобади – кинофестивальдің құрметті қонақтары арасында.


Түрік киносының біртуар туындыларының бірі Метин Эрксанның «Жыланның кегі» жаңаланған күйімен көрермен алдына шығады.


Кинофестивальдің көп күтілген бөлімі әрине, Ұлттық және Халықаралық Алтын Қызғалдақ байқауы. Биыл Халықаралық Алтын Қызғалдақ аталымында 12 картина бақ сынайды.
Алтын Қызғалдақ ұлттық байқауында болса 11 фильм бар. Үздік фильмге 150 мың лира, Үздік режиссерге болса 50 мың лира сыйлық беріледі.


«Тегін мобиль» қосымшасы арқылы киносүйер қауым фестивальдің бағдарламасын смартфон арқылы да көре алады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар