Түрік палуанға үлкен құрмет

Күрес тарихының үздіктері жарияланды.

224147
Түрік палуанға үлкен құрмет

Күрес тарихының үздіктері жарияланды.


Бүкіләлемдік күрес одағы (UWW) Швейцарияда дауысқа салу өткізіп, әлем күрес тарихының грек-рим стиліндегі үздік 26 палуан арасына Түркиядан Хамза Йерликаяны да сайлады.


17 жастан жоғары ересектер аталымында әлем чемпионы ретінде «ғасырдың палуаны» атағын алған және екі дүркін олимпиада, үш дүркін әлем, 8 мәрте Еуропа чемпионы болған Хамза Йерликаяға құрмет көрсетілді.


Бүкіләлемдік күрес одағы атқару комитеті мүшелері Швейцарияда бас қосып, замандас күрес тарихы бойынша грек-рим стилінде сайысқан палуандар арасынан «Top 26» тізімін анықтады.


Халықаралық сайыстарда көптеген жылдар бойы түрік туын желбіреткен Хамза Йерликая осы тізімде орын алып, түрік спорт тарихындағы атын бекемдей түсті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар