Tanini Trio тобы Лондонда концерт берді

Классикалық түрік музыка аспаптар тобы Tanini Trio концерт берді.

223111
Tanini Trio тобы Лондонда концерт берді

Классикалық түрікмузыка аспаптар тобы Tanini Trio, Ұлыбританияның астанасы Лондонда концерт берді.
«Dokunuşlar» атты концертте Месут Жемил, Астор Пьяццолла, Петр Ильич Чайковский және Табури Жемил Бей сынды әйгілі тұлғалардың еңбектеріне орын берілді. Топ концертте түрік пен батыс музыкасын араластырып берді.
Концерт залын лық толтырған музыка сүйгіштер Tanini Trio тобы мүшелері Тахир Айдоғду, Билгин Жаназ және Хакан Токердің өнерлеріне тәнті болып, ду шапалақ соқты.
Юнус Емре Институты, Түркияның Лондон елшілігі және Мәдениетті таныстыру кеңесшілігі тарапынан ұйымдастырылған концертке саясат, қаржы, көркемөнер, ғылым саласының өкілдері, түрік және шетелдік музыка сүйгіштер қатысты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар