«Ашк-ы Неби» көрмесі Гаванада

Ислам классикалық өнер көрмесі бір Латын Америка елінде ашылды.

220847
«Ашк-ы Неби» көрмесі Гаванада

«Ашк-ы Неби» көрмесі Гаванада.


Президент Ердоғанның өткен аптадағы Латын Америка сапары аясында Кубаның бас қаласы Гаванада ашылған «Пайғамбар махаббаты» көрмесі Латын Америка мұсылмандарының ықыласын аударды.


Көрмені Түркия Мәдениет және туризм министрі Өмер Челик және Куба Мәдениет министрі Мануэль Марреро Круз елдегі ең ірі мұражай Сервандо Кабрера Моренода ашты.


Куба Мәдениет министрі Круз классикалық Ислам өнерінің маңызды туындылары орын алған көрмені студенттер мен өнер сүйер қауымның аралап көруіне кеңес берді.


Алғаш рет бір Латын Америка елінде ашылған көрменің беташарында сөз сөйлеген Куба Ислам Одағы басшысы Яхия Педро да «Гаваналық мұсылмандар көрменің арқасында Әзірет Мұхаммедті тағы бір рет махаббат және шынайы көңілмен еске алды» деді.


Аталмыш көрме келесі ай Бразилияда, сәуір айында болса әрі Аргентина, әрі Австралияда ашылады.


«Пайғамбар махаббаты» атты осы көрме 2014 жылы Пайғамбарымыздың туған күніне орай Аясофияда ашылып, кейіннен Нью-Йорк және Вашингтонда да өнер сүйер қауымның назарына ұсынылып еді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар