«Алтын аю» жүлдесі ‘Такси’ атты фильмге берілді

65-ші Халықаралық Берлин Фильм Фестивалі аяқталды.

218940
«Алтын аю» жүлдесі ‘Такси’ атты фильмге берілді

65-ші Халықаралық Берлин Фильм Фестивалінде «Алтын аю» жүлдесі ирандық режиссер Жафар Панахидің ‘Такси’ атты фильміне берілді.
Германияның астанасы Берлинде ұйымдастырылған Фестивальдің жүлделері ‘Berlinale Palast’-та өткен салтанатты кеште табыс етілді.
«Алтын аю» жүлдесін алған Жафар Панахи елінен шығуына тыйым салынғаны себепті жүлде рәсіміне қатыса алмады. Ирандық режиссердің жүлдесін оның атынан жиені алды.
Жюри арнайы жүлдесі режиссер Пабло Ларраинның «Эл-Клуб» фильміне, үздік режиссер категориясында «Күміс аю» жүлдесі «Жарайсың!» атты фильмімен фестивальге қатысқан Румын режиссер Раду Жуд пен «Body» атты фильмімен поляк режиссер Малгорзата Цумовскаға берілді.
Халықаралық Жюри үздік еркек ойыншы жүлдесі «45 Жас» фильмінің актері Том Кортенайға, үздік әйел жүлдесі болса бірдей фильмде ойнаған Шарлот Рамплингке табыс етілді.
Қысқа метражды фильмдер арасында ‘Жюри жүлдесі’ категориясында «Алтын аю» жүлдесін АҚШ-тық Джоанна Арновтың «Bad at Dancing» фильмі алды.
Берлинде 5 ақпан күні басталған 65-ші Халықаралық Берлин Фильм фестиваліне 72 елден 441 фильм қатысқан, 19 фильм болса «Алтын Аю» және «Күміс Аю» жүлдесі үшін жарысқан болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар