Әйгілі тұлғалар Берлиндегі фестивальде бас қосты

65-ші халықаралық Берлин фильм фестивалі басталды.

212983
Әйгілі тұлғалар Берлиндегі фестивальде бас қосты

Өнер, саясат және шоу әлемінің әйгілі тұлғалары Берлиндегі фестивальде бас қосты.
Фестивальдің ашылуы кеше Жюльет Бинош бас рөлде болған «Nobody Wants the Night» фильмімен өткізілді.
72 елден 441 фильм қатысқан фестивальде 19 фильм «Алтын және күміс» жүлдесі үшін сайысады.
Жүлделер 14 ақпан күні ұйымдастырылатын қорытынды кешінде беріледі.
Берлин фильм фестивалінде түрік кинорежиссерлері Емине Емел Балжының «Соңғы деміме дейін», Фарук Хажыхафызоғлұның «Қар қарақшылары» және Дерия Дұрмаздың «Сұрғылт көлеңке» атты фильмдері көрермендерге ұсынылады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар