Отбасыны сақтап қалу үшін жаңа бағдарлама

Ананың тұрмысы жеңілдейді, туылған әрбір сәби үшін материалдық көмек беріледі.

183582
Отбасыны сақтап қалу үшін жаңа бағдарлама

Отбасының сақталуына бағытталған жаңа саясаттар жарияланды.


Отбасының және динамикалық тұрғын құрылымының сақталуына бағытталған жаға бағдарламаны премьер-министр Ахмет Давутоғлу жария етті.


Бағдарламаның егжей-тегжейі жөнінде Жанұя және әлеуметтік саясаттар министрі Айшенұр Ислам айтып берді.


Айшенұр Ислам аталмыш бағдарлама арқылы жұмыс процедурасының икемділігінің арттырылатынын және жеке меншік салаға да қолдау берілетінін айтты.


Жаңа бағдарламада әсіресе ананың тұрмысын жеңілдететін тың саясаттар назар аударады. Аталмыш бағдарламада анаға арналған 66 іс-әрекет жоспары орын алған. Ең бастысы - бала тууды ынталандыру.


Айырықша әрбір муниципалитет балабақша ашуға міндетті болады.


Жеке меншік балабақшаларға болса салық жеңілдігі келеді. Осыған орай 0-3 жас аралығындағы балалар үшін 5 жыл салық жеңілдетіліп алынады.


Баласы кіші аналар жарты күн жұмыс істей алатын болады. Туылған әрбір сәби үшін де материалдық көмек беріледі.


Министр Айшенұр Ислам алдымыздағы апта лицейдегі білім үшін келетін жаңа пакетті де сүйіншіледі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар