Алтын алқа Гиннесс Рекордтар кітабына кірді
Дубай Сауда фестивалінде 180 килограмдық алқа назар аударды
174636
Тамаша қала Дубай әлемдегі ең ірі алтын алқаны өндіріп, Гиннесс Рекордтар кітабына кірді.
Ұзындығы бес жарым метр, салмағы 180 килограм қолөнер өнімі алтын алқа биыл 21-ші мәрте ұйымдастырылған Дубай Сауда фестиваліне арналып жасалды.
22 сынамалы алтыннан жасалған алқа 60 зергердің 45 күндік еңбегімен жасалды.
Қаңтар айы бойынша жалғасатын Дубай Сауда фестивалінде алтын алқа қаладағы зергерлер базарында бөлшектеніп, сатылады.
Осының алдындағы ең ұзын алтын алқа рекордтын 1999 жылы тағы Дубай Сауда фестиваліне арналған ұзындығы 4 километр, ені 380 метрлік алқа жаратқан болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Түркияның маңызды туристік орындары Грекияда таныстырылды
Түркияның алдыңғы қатардағы туристік орындары Грекияда таныстырылды.