Балканда Мәулід мерекесі тойланды

Кеше түні күллі мұсылман жұртшылығының ортақ мерекесі Мәулід еді.

169542
Балканда Мәулід мерекесі тойланды

Сербия мен Македонияда өмір сүрген мұсылмандар Әзіреті Мұхаммедтің дүниеге келген кеші ретінде тойланған Мәулід мерекесі түрлі іс-шаралармен жүзеге асырылды.
Сербияның астанасы Белградта өмір сүрген мұсылмандар Мәулід мерекесі себепті қаладағы жалғыз мешіт тарихи Байрақтар мешітін толтырды. Мешітте түрлі діни әндер айтылды, Құран Кәрім оқылды және Әзірет Мұхаммедтің дүниеге келуі мен өмірбаяны түсіндірілді.
Македонияда да Мәулід мерекесіне орай көптеген мешітте іс-шаралар ұйымдастырылды. Астана Скопьеде орын алған Хажы Балабан мешітінде кешкі намазынан кейін Құран Кәрім оқылды.
Босния-Герцоговинада болса Әзіреті Мұхаммедтің дүниеге келгеніне орай іс-шаралар ұйымдастырылды. Гази Хүсрев Бей мешітіндегі іс-шараға Түркиядан да көп адам қатысты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар