Агора байырғы қаласы қазылып жатыр

Измир Агора қазбасында «Смирна мәжілісі» күн көзін көрді.

156089
Агора байырғы қаласы қазылып жатыр

«Смирна мәжілісі» жер бетіне шығарылды.


Измир Агора алаңындағы қазбаларда Рим империясы дәуіріндегі қалада көптеген жергілікті шешімдер қабылданатын «Мәжіліс құрылысы» жарыққа шығарылды.


Измир Қала әкімшілігінен жасалған мәлімдемеде қазба тобы тарапынан жүргізілген жұмыстардың 50 пайызға жеткені, алдағы 5 жылда Агораның толығы негізінен жер бетіне шығарылатыны білдірілді.


«Булевтерий» аталған қаланың мәжіліс құрылысының сахнасы және екі баспалдақты отыратын жерлерінің қорғау және жөндеу жұмыстары аяқталды.


Римдіктер қаланың әкімшілік шешімін жасаған және ресми жұмыстарын жүргізген Біздің ғасырымыздан кейінгі 2-ші ғасырға қарасты Мәжіліс құрылысы мөлшермен 400 мәжіліс мүшесі отыратын үлкендікке ие болып табылады.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар