Президент Ердоған Стамбұлда "Шеб-и Арус" кешіне қатысты

«Бізді қазіргі таңға бірлік пен ынтымақтастық махаббаты жеткізді».

147731
Президент Ердоған Стамбұлда "Шеб-и Арус" кешіне қатысты

Биыл үшінші рет ұйымдастырылған «Шеб-и Аруз Стамбұл» рәсіміне көптеген адам қатысты.
Президент Режеп Таип ЕрдоғанМәулананың 741-ші вуслат (Аллаға қауышуы) жылдығы себепті ұйымдастырылған Шеб-и Арус рәсіміне қатысты.
Ердоған осы мемлекеттегі бауырластық, сүйіспеншілік және мейірімділік байланыстарының құрылуында 7 ғасыр бұрын Анатолыға келген Мәулана сияқты көңіл дәруіштерінің үлесі үлкен екенін атап көрсетті.
Ердоған ата-бабалардың аманаты болған тыныштық, бейбітшілік және бауырластық түсінігін аман-есен кейінгі ұрпаққа тапсыруға талпынғандарын атап айтты.
Мәулананың пәлсапасын тілге тиек еткен Ердоған оның киелі махаббаты себепті өз өлімін «сүйіктіге қауышу кезі яғни, той түні» ретінде қабылдағанын жеткізді.
Шеб-и Арус рәсіміне президент Режеп Таип Ердоған мен Болгария, Грекия және Косово сияқты Балкан елдерінен де қонақтар қатысты.
Әншілер, семазен тамашасына оқыған діни өлеңдерімен (илахи) қосылды.
Президент Ердоғанға 2,5 метр ұзындығында «Элиф» әріпі сыйға тартылды.
Рәсім семазендердің тамашасы және Құран оқумен аяқталды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар