Фламенко Анкара фестивалі үшін дайындықтар басталды

Фестивальге аты аңызға айналған гитара виртуоздары мен әйгілі бишілер қатысады.

205141
Фламенко Анкара фестивалі үшін дайындықтар басталды

Фламенко Анкара қоғамы мен Испания өкілетті елшілігі ортақ жүзеге асыратын фестивальге аты аңызға айналған гитара виртуоздары мен әйгілі бишілер қатысады.
Ателье жұмыстары арқылы осы тұлғалардан сабақ алу мүмкіндігі ұсынылған фестиваль 9 желтоқсан күні Замандас Өнер орталығы Өнер галереясында суретші Дерия Вардың «Қоңырау, орамал және гүл» тақырыпты көрмесімен басталады.
Фестивальде Серхат Доғу мен Сефа Йепрем фламенко соло концерті береді. Осы концерттің артынан Алпер Каргын "Paco De Lucia" атынан оның шығармаларын орындайды.
Фламенко тобы Мави Сиях залында Анатолы ритм және музыкасымен фламенко бірге орындалатын «Аль-Андулустан Анатолыға» жобасымен сахнаға шығады.
Орыс гитарист Гриша Горячев те концерт қоятын фестивалдың соңғы күнінде, атақты бишілерімен Педро Кордоба да сахнаға шығады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар