Бурсаға жаңа мұражай

«Бурса көш тарихы мұражайында» көш сапарларының қиындықтары бейнеленген.

203353
Бурсаға жаңа мұражай

Мигранттар қаласы Бурсаға атына жарасатын мұражай ашылды.


«Бурса көш тарихы мұражайында» көш сапарларының қиындықтары бейнеленген.


Тегін кіруге болатын мұражай қонақтарын күтеді.


Бурса қаласы Түркияның ашық аспан астындағы мұражайларының бірі. Қалада Римнен Византияға, Османлыдан бүгінге дейінші көптеген өркениеттің іздері табылады.


8500 жылдық тарихы бар қаладағы мұражайлар да тарих беттеріне жарық түсіреді.


Бурса қалалық муниципалитеті төрағасы Реджеп Алтепе мұражайлардың түрік тарихында маңызды орын алғанын, мұражайлардың қоғамның жады екенін, сондықтан Бурсада мұражайға көп көңіл бөлгендерін айтты.


«Осы тақырыпта да едәуір табыстарға қол жеткіздік. Қазірге дейін қалалық муниципалитеттің бастамасымен құрылған 8 мұражай жұмыс істеп тұр» деді ол.


Міне, осы мұражайлардың бірі жақында ашылған «Бурса көш тарихы мұражайы».


Мұражайда кейде соғыс, кейде уақыт қысымынан кейін Бурсаға көшіп келгендердің хикаялары орын алған.


Мұражай жөнінде мәлімет берген Реджеп Алтепе Бурсаға көбіне Кавказ, Балқан және Таяу Шығыстан көптеген көш болғанын атап көрсетті. Бурсаға көшіп келген осы азаматтардың құжаттары, фотосурет және бұйымдары мұражайға қойылған. Көш барысында қиын сапарға куә болған бір көлік те осында.


Балқан, Қырым және Кавказдан келген көш керуендері егжей-тегжейімен жандандырылған.


Мұражайға кірген бетте алдымен қысқа таныстыру фильмі көрсетіледі. Артынан жол көрсетуші сізге көштің хикаясын баяндап береді.
Мұражайға жұмыс күндері оқушылар, демалыс күндері болса жергілікті және шетелдік туристер көптеп келеді.
Аталмыш мұражайда сонымен бірге қала экономикасына және дамуына үлес қосқан іскерлердің жеке бұйымдары мен жүлделері де орын алған.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар