Қысқа метражды фильм фестивалі 1-5 қараша аралығында

Фестиваль аясында 150-ден астам фильм көрсетіледі.

166759
Қысқа метражды фильм фестивалі 1-5 қараша аралығында

15-ші Измир қысқа метражды фильм фестивалі 1-5 қараша аралығында өтеді.


Фестиваль аясында берілетін «Алтын мысық» сыйлығы үшін 63 елден 1093 фильм келіп түсті.


Бұл туралы фестиваль комитеті хабарлады. Хабарға қарағанда, Француз мәдениет орталығында өтетін фестивальде ұлттық және халықаралық фильмдер «Алтын мысық» сыйлығы үшін жарысады. Түркия және әлем киноматографиясының маңызды тұлғалары бас қосады.


Кинофестиваль аясында фантастикалық, деректі және анимация аталымдарында сыйлық үшін 63 елден 1093 фильм бақ сынайды.


Аталмыш фестиваль аясында Польша анимациялары, жапон таңдамалылары, неміс таңдаулылары мен Бельгия фильмдері сынды 150-ден астам фильм тегін көрсетіледі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар