ІІ-ші Ислам конференциясы мен жастар форумы Стамбұлда өтті

ІІ-ші Ислам конференциясы мен жастар форумы аясында Стамбұл қаласы Ислам мемлекеттері астанасы аталды.

154308
ІІ-ші Ислам конференциясы мен жастар форумы Стамбұлда өтті

45 елдің қатысуымен Стамбұлда жүзеге асқан ІІ-ші Ислам конференциясы мен Жастар форумында Стамбұл қаласы Ислам мемлекеттерінің астанасы аталды.

Форумның соңғы күнінде сөз алған Жастар және спорт министрі Акиф Чағатай Кылыч Исламофобияның аса маңызды бір мәселе екенін және Исламды террормен теңеудің қателіктің алғашқы қадамы болғанын айтты.
Мұсылмандар жасаған қателіктерді Ислам дінімен теңемеу керектігін меңзеген Кылыч «Әлемді өзгертетін жастардың өзі» деді.
Ислам Ынтымақтастық Ұйымының биыл қызметке тағайындалған Бас хатшысы Ияд Амин ал-Мадани де қатысушылар арасында орын алды.
Маданидің күн тәртібінде де Ислам әлемінде және әсіресе Орташығыстағы мәселелер бар болатын.
Мұсылман жастардың мүдделерін қорғауды өз міндеті ретінде қабылдаған форум қатысушылардың ортақ декларацияға қой қоюымен аяқталды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар