FIBA Әлем кубогы жартылай финал кездесулері белгілі болды

Жартылай финалда Литва мен АҚШ, Сербия мен Франция бақ сынайды.

121428
 FIBA Әлем кубогы жартылай финал кездесулері белгілі болды

Баскетболда 2014 FIBA Әлем кубогы жартылай финал кездесулері белгілі болды.


Жартылай финалда Литва мен АҚШ, Сербия мен Франция бақ сынайды.


Испаниядағы кубокта кеше ойналған соңғы ширек финал матчтарында Сербия Бразилия командасын 84-56, Франция да Испания командасын 65-52 есебімен жеңіп, жартылай финалда бір-біріне қарсылас болды.


Соңғы ширек финал матчында Франция үлкен табысқа қол жеткізді. Турнирдің таңдаулысы ретінде көрсетілген Испания құрамасын алып жыққан Франция командасы Сербияға қарсылас болды. Өткен жылы Тони Паркердің басшылығында Еуропа чемпионы болған Франция сол сайыста да Испания командасын жеңген болатын.


Сербия болса Бразилия командасын жеңді. Түркияны 73-61 есебімен жеңген Литва АҚШ командасымен ойнайды.


Жартылай финалда бүгін АҚШ пен Литва Түркия уақытымен 22-де Барселонада кездеседі. Франция мен Сербия матчы болса ертең болады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар