Қытай ғарышқа жасанды серік ұшырды

Қытай Гоби шөлінде бір рокетамен екі жасанды серік жолдады.

113439
Қытай ғарышқа жасанды серік ұшырды

Қытай ғарышқа екі жасанды серік жолдады.
Қытайдың жалғыз тасушы зымыранмен ғарышқа екі жасанды серік жолдағаны білдірілді.
Шинхуа агенттігінің хабарына қарағанда Қытайдың солтүстік батысындағы Гоби шөліндегі Жю Чуан жасанды серік ұшыру орталығынан жергілікті уақыт бойынша сағат 08-ден 15 минут өткенде бір рокета арқылы ғарышқа екі жасанды серік жолданды.
Ұшыру орталығынан «Чаңжың 2-С» тасымал рокетасымен ұшырылған «Чуаңшин 1-4» атты жасанды серіктің суғару, метеорология, электр және апатпен күрес салаларында мәлімет жинау және мәліметтерді жолдауда қолданылатыны жарияланды.
Екінші жасанды серіктің мультимедия телекоммуникация сынақтары үшін жолданған бір «ақылды жасанды серік» екені білдірілді.
Ұшыру орталығынан жасалған мәлімдемеде екі жасанды серіктің қысқа уақыт өткеннен кейін алдын ала белгіленген орбитаға қонғаны білдірілді.
«Чаңжың» атты тасымал рокетасымен қазірге дейін 192 жасанды серікті ғарышқа жолданған.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар