20-шы Сараево фильм фестивалі басталды

Фестивальда биыл 60 елден келген 247 фильм көрсетіледі

92793
20-шы Сараево фильм фестивалі басталды

Боснияда болған соғыстың іздерін жою және Сараевоны қайтадан мәдениет пен өнер орталығына айналдыру мақсатымен ұйымдастырылған Сараево Фильм фестивалі Мексикалық режиссер Алехандро Гонзалес Инарритудың «Тас-талқан болған махаббаттар мен иттер» атты фильмімен басталды.
Сараевода 20 жылдан бері әлемнің түрлі елдерінен келген кино түсірушілер бас қосып жүрген фестивальда биыл 60 елден 247 фильм көрсетіледі.
Фестивальда биыл Түркиядан режиссер Эрол Минташтың «Анамның әні» және Кутлуғ Атаманның «Қозы» фильмдері «Ең жақсы фильм» категориясында, Нури Билге Жейланның «Қыс ұйқысы» фильмі де «Фокус» категориясында жарысатын болады.
Фестивальге атақты актрисалар мен актерлер де қатысады. Биыл аталмыш іс шараға Түркиядан Халит Эргенч, Мексикалық Gael Garcia Bernal және Оскар жүлдесінің иегері Босниялық режиссер Данис Танович қатысады.
Фестиваль Оңтүстік Кореялық режиссер Bong Joon-ho түсірген «Snowpiercer» фильмімен жабылады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар