Юнус Эмре институтынан шетелдік түрік тілі мамандарына курс

Курсқа қатысушылар Анкарада бір ай тіл жетілдіру курсынан өтеді

81192
Юнус Эмре институтынан шетелдік түрік тілі мамандарына курс

Юнус Эмре институты Қазақстан, Босния-Герцоговиния, Қырым, Иордания, Мысыр, Әзірбайжан, Албания, Жапония мен Татарстаннан келген 28 түрік тілі маманы үшін «Шетелдегі түрік тілі мамандарына түрік тілін жетілдіру курсы» бағдарламасы аясында түрікше курс береді.
Юнус Эмре институтының Анкарадағы орталығында ұйымдастырылған курстың ашылу мерәсіміне институт басшысының орынбасары Эбубекир Жейлан, Түрік Тілі Ұйымы басшысы проф. Мұстафа Качалин мен Гази және Анкара университеттерінің Түрікше үйрету орталықтарының қызметкерлері қатысты.
Мерәсімде сөз сөйлеген Эбубекир Жейлан 10 елден келген 28 түрік тілі маманына түрік тілін жетілдіру курсы берілетінін айтты.
Юнус Эмре институтының мәдениет, өнер саласындағы жобалары тысында түрік тілін үйретуде де маңызды рөл атқарып жүргенін айтқан Жейлан бұл салада жаңа жұмыс істей бастағандарына қарамастан әжептеуір табыстарға қол жеткізгендерін білдірді.
Жейлан өз елдерінде түрік тілі бөлімдерін бітіріп келген мамандардың аталмыш курстардан өткеннен кейін өз елдеріндегі Юнус Эмре институты немесе басқа мекемелерде жақсы маман ретінде қызметін жалғастыруды қалайтындарына баса назар аударды.
Институт басшысы курсқа қатысушыларға табыстар тілей отырып, 1 айлық курстың олар үшін пайдалы болатынына сенімді екенін білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар