Әзіреті Шис мешіті бомбаланды

Ирак Ислам Левант мемлекеті Османлы дәуірінің Әзіреті Шис мешітін аспанға ұшырды.

71388
Әзіреті Шис мешіті бомбаланды

Ирак Ислам Левант мемлекеті қасиетті мекендерді нысанаға алуды жалғастыруда.
Ирак Ислам Левант мемлекеті Ирактың Мосул қаласында бұл жолы Османлы дәуірінен қалған Әзіреті Шис мешітін аспанға ұшырды.
Шис Пайғамбар мешіті жұма намазынан кейін Ирак Ислам Левант мемлекеті сарбаздары тарапынан босатылды.
Мешіттің ішіне орналастырылған алыстан басқарылатын бомбалардың жарылуымен мешіт жермен-жексен болды.
Осының алдында да Мосул, Телафер және Керкук қалаларындағы діни қайраткерлерге тән күмбездер мен шиит мешіттерін бомбалап, күйреткен Ирак Ислам Левант мемлекеті сарбаздары кеше Мосул қаласындағы Әзіреті Жүніс күмбезін де бомбамен аспанға ұшырған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар