Украина дағдарысы Львовты кандидаттықтан айырды

2022 қысқы олимпиада ойындарына кандидат Львов қаласы үміткерліктен шықты.

116897
Украина дағдарысы Львовты кандидаттықтан айырды

2022 жылғы қыс олимпиадаларына кандидат болған Украинаның Львов қаласы Халықаралық олимпиада комитетінің басшысы Томас Бахпен кездесуден кейін кандидаттықтан шықты.


Халықаралық олимпиада комитеті ресми мәлімдеме жариялады. Мәлімдемеге қарағанда, бұл шешім комитет басшысы Бах, Украина премьер-министрі Арсений Яценюк және Украина Ұлттық олимпиада комитетінің төрағасы Сергей Бубкамен өткен кездесуден шыққан шешім.


Бұндай шешімге елдегі саяси және экономикалық ахуалдың себеп болғаны айтылды. Львов қаласы 2026 жылғы олимпиадаға кандидат болады.
Мамыр айында да Польшаның Краков қаласы референдум нәтижесінде халықтың көпшілігі қарсы шыққандықтан кандидаттықтан кеткен болатын.


Львов Краков және Швецияның астанасы Стокгольмнен кейін кандидаттықтан кеткен үшінші қала болды.
Осылайша 2022 жылғы Қысқы олимпиада өтетін қаланы анықтау сайысында Осло, Алматы және Пекин қалалары қалды.
Халықаралық олимпиада комитеті қысқы ойындар өтетін қаланы 2015 жылдың 31 шілде күні жариялайды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар