Жұмалыкызык пен Бергама Әлемдік мұралар тізімінде

Түркияның Әлемдік мұралар тізіміндегі ескерткіштері 13 болды

103686
Жұмалыкызык пен Бергама Әлемдік мұралар тізімінде

Бурсадағы Жұмалыкызык және Бергама Дохада өткен ЮНЕСКО-ның 38-ші Әлемдік Мұралар комитеті жиналысында аталмыш тізімге кірді.
Катар ұлттық конгрес орталығында өткен жиналыста Катар ұсыныс берген «Бурса мен Жұмалыкызык: Османлы империясының тууы» және Германия ұсынған «Бергама – көп қабатты мәдени пейзаж алаңы» атты досьелер Әлемдік мұралар тізіміне қабылданды.
Осылайша Түркиядан Әлемдік мұралар тізіміне алынған ескерткіштердің саны 13-ге шықты.
«Бурса мен Жұмалыкызык: Османлы империяның тууы» алаңы Орхангази кешені мен айналасын қамтитын сауда орталықтары аймағы, Хүдавендигар кешені, Йылдырым Баязит кешені, 1-ші Мехмет кешені, Мурадие кешені мен Жұмалыкызык ауылынан құралған алты ескерткіштен тұрады.
Эллиндік дәуірдің ең үлкен кітапханаларының бірі құрылған Бергама да мәдени пейзаж категориясында тізімге алынды.
Эллин, Рим, Шығыс Рим мен Османлы дәуірлеріне қатысты қабаттардан құралған Бергама Акрополь мен айналасындағы жеті курган және Кубеле қасиетті алаңы сияқты тоғыз ескерткіштен тұрады.
Бұдан бұрын Әлемдік мұралар тізіміне алынған алаңдардың ішінде Ыстанбұлдың тарихи ескерткіштері Дивриги мешіті мен Дару-ш-шипа, Хаттуташ, Немрут тауы, Xanthos-Letoon, Сафранболу қаласы, Троя антикалық қаласы, Эдирнедегі Селимие мешіті, Гөреме ұлттық саябағы мен Каппадокия, Памуккале Hierapolis және Чаталхөйүк неолит қаласы кірген болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар