Футболдан әлем чемпионаты жалғасуда

Кеше G және H топтарында матчтар өтті

103762
Футболдан әлем чемпионаты жалғасуда

H тобында Бельгия Ресейді 1- 0 есебімен жеңіп 6 ұпай жинады және екінші турға шықты.
Осы топта ойналған басқа бір матчта Алжир Оңтүстік Кореяны 4-2 есебімен жеңіп, екінші орынға шықты.

G тобында болса Португалия мен АҚШ командалары ойнады. Кездесу 2-2 есебімен тепе-тең аяқталды.
Әлем чемпионатында топтарда үшінші матчтар бүгін кешкісін басталады.
B тобында Голландия-Чили мен Австралия-Испания ойнайтын болады. Матчтар сағат 19:00-де басталады. B тобында бірінші орындағы Голландия мен екінші орындағы Чилидің 6 ұпайы бар.
Голландия мен Чили екінші турға шығатын болады.
Үшінші орындағы Австралия мен соңғы орындағы Испанияның ұпайлары жоқ.
A тобында Камерун-Бразилия, Хорватия-Мексика ойнайтын болады. Матчтар 23:00-де басталады.
Бұл топта 4 ұпайы бар Бразилия бірінші, Мексика екінші орында. Хорватия 3 ұпаймен үшінші, ұпайы жоқ Камерун соңғы орында.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар