Әлем Мұнай жәрмеңкесі Мәскеуде ашылды

Жәрмеңкеде Түркия Мұнайлары ортақтығы Түркия мен Стамбулды таныстыруда.

98206
Әлем Мұнай жәрмеңкесі Мәскеуде ашылды


«21-ші Әлем Мұнай жәрмеңкесі» ашылды.
Ресейдің астанасы Мәскеу қаласында ұйымдастырылған «21-ші Әлем Мұнай жәрмеңкесі» қақпасын зияратшыларға ашты.
Жәрмеңкенің тұсауын Ресей Энергия министрі Александр Новак, Катар Энергия және өнеркәсіп министрі Мұхаммед бин Салих Ел-Сада, Әлем Мұнайлары кеңесінің төрағасы Ренато Бертани бірлікте кесті.
55 мың текшеметрлік жабық алаңда ашылған жәрмеңкеге 500-ден астам халықаралық мұнай және энергия фирмасы қатысты.
Ағылшын BP, голландиялық Shell, орыс Газпром, америкалық Chevron және ExxonMobil сияқты энергия алпауыттары жәрмеңкеге қатысқандар арасында.
Түркия Мұнайлары ортақтығы (TPAO) да жәрмеңкеге қатысты.
Жәрмеңке стандында Түркия Мұнайлары ортақтығы ұйымдастырған және Стамбул 2017 жылы үй иесі болатын 22-ші Әлем Мұнайлары конгресі мен Түркияны таныстыру іс-шаралары өтуде.
Энергия және табиғи байлықтар министрі Танер Йылдыздың 19 маусым бейсенбі күні Түркия Мұнайлары ортақтығы стандына зиярат жасауы күтілуде.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар