Тарихи желіде пойыз сапары

Бумен жұмыс істейтін тарихи пойыз Амманнан шығып, Иорданияның солтүстігіне барып тоқтады.

95975
Тарихи желіде пойыз сапары

Иорданияның астанасы Амманда Османлының падишасы ІІ Абдулхамит хан салғызған Хижаз теміржолында пойыз жүріп өтті.
Бумен жұмыс істейтін тарихи пойыз Амманнан шығып, Иорданияның солтүстігіне барып тоқтады.
Түркияның Иорданиядағы өкілетті елшілігі мен Юнус Емре мәдениет орталығының ұйытқы болуымен жүзеге асқан осы тарихи сапарға Иорданияда өмір сүретін түрік азаматтары қатысты.
Мәдина мен Дамаск арасында салынған Хижаз теміржолы желісі қажылық сапарына шыққан азаматтардың сенімді саяхаты үшін жүзеге асырылған жоба болатын.
Қазір осы желі символикалық түрде қолданылуда.
Түрік Ынтымақтастық және координация басқармасы ТИКА жақын уақытта Амман-Хижаз теміржолы стансаларын жөндеуден өткізіп, мұражайға айналдырады.
Желі 2010 жылға дейін Сирияға азық-түлік жеткізуде қолданылған болатын. Сириядағы соғыс басталғалы бері осы теміржолдағы қатынас тоқтап қалды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар