Халықаралық Анкара кинофестивалі аяқталды

"Даире" Үздік фильм сыйлығын алды.

95964
Халықаралық Анкара кинофестивалі аяқталды

25-ші Халықаралық Анкара кинофестивалінде үздіктер марапатталды.
Фестивальде «Даире» фильмі өзімен бас сынасқан 9 фильмді артта тастап, «Үздік фильм» сыйлығын алды.
Режиссер Атыл Инанчтың «Даире» фильміндегі рольдерімен Назан Кесал «Үздік актриса», Фатих Ал «Үздік актер» және Ерол Бабаоғлу «Үздік екінші актер» сыйлықтарына лайықты деп табылды.
Басқа бір табысты фильм болса «Ән салған әйелдер».
Режиссер Реха Ердемнің фильмі Үздік режиссер, фильмдегі ролімен Дениз Хасгүлер болса «Үздік екінші актриса» сыйлығын иемденді.
Фильм айырықша үздік көрініс, іздік көркемдік режиссер және үздік дауыс дизайны сыйлықтарын да қоржынына салды.
Деректі фильм байқауында 11 фильм сайысты. Бірінші орынды «Тепежик қиял мектебі» атты деректі фильмімен Гүлиз Саглам алды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар