«Біржан-Сара» операсы Түркияда

Опера 13 маусым күні 5-ші Халықаралық Стамбул опера фестивалі аясында өнер сүйер қауыммен қауышады.

89660
«Біржан-Сара» операсы Түркияда

Халықаралық Түрік мәдениеті ұйымы ТҮРКСОЙ атақты қазақ композитор Мұқан Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсының тағы бір рет Түркияда қойылатынын хабарлады.
Опера 13 маусым күні 5-ші Халықаралық Стамбул опера фестивалі аясында өнер сүйер қауыммен қауышады.
Туынды айырықша 16 маусым күні 53-ші Халықаралық Бурса фестивалінде, 18 маусым күні Ескишехир қаласында, 20 маусым күні астана Анкарада сахналанады.
Либреттосын Қажым Жұмалиев жазған туындыға түркі әлемінің өнерпаздарымен қоса Самсун Мемлекеттік опера және балетінің өнерпаздары жан береді. Хор мен оркестр де сахнаға шығатын қойылымда дирижерлікті Толга Тавиш атқарады.
Жобаның режиссері болса бұдан бұрын «Көроғлы» және «Алпамыс» сынды түркі әлемінің ортақ құндылықтарын паш еткен жобаларды жүзеге асырған – Проф. др. Эфлатун Ниметзаде.
Қазақстанның мәдени және өнерін айшықтайтын, қазақ операсының әлемдегі өкілі болған «Біржан-Сара» Түркияда алғаш рет Мұқан Төлебаев жылы іс-шаралары аясында көрерменмен танысқан болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар