«Қыс ұйқысы» фильмі Алтын Пальма жүлдесін алды

67-ші Кан фильм фестивалы болып өтті

73070
«Қыс ұйқысы» фильмі Алтын Пальма жүлдесін алды

Танымал режиссер Нури Билге Джейлан 67-ші Кан кинофильм фестивальінде «Қыс ұйқысы» фильмімен үлкен бір табысқа қолтаңба қалдырып, «Алтын пальма» жүлдесін алды.
Жүлдесін АҚШ-тың атақты режиссері Куэнтин Терантиноның қолынан алған Билге жүлденің түрік киносының 100-ші жылдығында табыс етілуінің керемет бір сюрприз екенін атап көрсетті.
Джейлан жүлдені алған кезде айтқан сөзінде «Жүлдені Түркияда соңғы кездері қаза тапқан жастар мен Сомада қаза тапқан кеншілерге арнаймын» деді.
Фильмінде зейнетке шыққан Каппадокиядағы бір актердің хикаясы түсіндіріледі.
Басты рольде Халук билгинер ойнаған фильмде Демет Акбағ, Мелиса Сөзен және Нежат Ишлер ойнайды.
«Қыс ұйқысы» фильмімен алтышы рет Кан фильм фестивалына қатысқан Нури Билге Джейлан алдында екі рет «Үлкен Жюри» және бір рет те режиссер жүлдесіне лайық болған еді.
Түркия осы табысты мұның алдында 1982 жылы «Жол» фильмімен қол жеткізген болатын.
Канда Үздік режиссер жүлдесі «Foxcathcher» (ФоксКечир) фильмімен Бенит Милерге берілді.
«Үздік еркек ойыншы» жүлдесі Тимоти Сполл, «Үздік әйел ойыншы» жүлдесі болса Джулиан Мурға табыс етілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар