Түркия мен Қытай медиа саласында ынтымақтаса жұмыс істейді

Қытай Халық Республикасының Баспасөз, радио, фильм және теледидар басқармасынан Түркияға арнайы делегация келді.

224211
Түркия мен Қытай медиа саласында ынтымақтаса жұмыс істейді

Қытай Халық Республикасынан ТРТ корпорациясына делегация келіп кетті. Аталмыш делегацияны қабылдаған ТРТ Бас директорының орынбасары Зеки Чифтчи Қытай Халық Республикасымен бірігіп дайындалған серіктестік хаттамасына жақында қол қойылатынын білдірді.
Қытай Халық Республикасының Баспасөз, радио, фильм және теледидар басқармасынан Түркияға арнайы делегация келді.
ТРТ-де делегацияны Зеки Чифтчи қабылдады.
Қабылдауда медиа саласында ынтымақтастық сөз болды.
ТРТ Бас директорының орынбасары Зеки Чифтчи Қытай Халық Республикасымен ықпалдастыққа көңіл бөліп отырғандарын айтты. Чифтчинің айтуынша, елбасы Абдуллах Гүл бір айдан кейін Қытайға барады және осында Қытай ұлттық радиосымен серіктестік хаттамасына қол қойылады.
Қытай Халық Республикасының Баспасөз органдарына жауапты министрі Чай Фучав ТРТ-нің өте ықпалды медиа органы екенін және болашағының да жарқын екенін айтты.
Чай радио, анимация және деректі фильм саласында түрік медиасымен ықпалдастықты жылдамдататындарын атап көрсетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар