Израильдің  ұшқашсыз әуе аппараты атып түсірілді

Ливанда Израиль армиясына тиесілі 'Hermes 900 типті' ұшқышсыз әуе аппараты  атып түсірілді.

2151297
Израильдің  ұшқашсыз әуе аппараты атып түсірілді

Ливанның оңтүстігінде Израиль армиясына тиесілі 'Hermes 900 типті' ұшқышсыз әуе аппараты  атып түсірілді.

Ливан ақпарат құралдарында жарияланған хабарларға қарағанда, Ливанның әуе кеңістігін бұзған израильдік ұшқышсыз әуе аппараты оңтүстіктегі Рейхан аймағында соққыдан кейін құлаған.

Ұшқышсыз әуе аппараты «Хизбулла» атып түсірді деп хабарланғанымен, Хизбулла тарапынан бұл туралы әзірге мәлімдеме жоқ.

Израиль армиясы бір ұшқышсыз әуе аппаратының Ливан аумағында зымыранымен атып түсірілгені туралы жазбаша мәлімдеме жариялады.



Ұқсас жаңалықтар