Байден «Үлкен жетілік елдері» көшбасшыларының саммитіне қатысады

Ақ Үй Байденнің 13-15 маусым күндері Италияда «Үлкен жетілік елдері» көшбасшылар саммитіне қатысатынын мәлімдеді.

2151444
Байден «Үлкен жетілік елдері» көшбасшыларының саммитіне қатысады

АҚШ президенті Джо Байден 13-15 маусым күндері Италияда өтетін «Үлкен жетілік елдері» көшбасшылар саммитіне қатысады.

Ақ Үйден жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Байден 13-15 маусым күндері Италияның Апулия аймағында өтетін «Үлкен жетілік елдері» саммитіне қатысады.

Газа секторындағы атысты тоқтату және Украинадағы соғыс күн тәртібін құрайтын саммитте «Үлкен жетілік елдері» көшбасшылары Украинаға көрсетілген қолдауға қатысты пікірлерін білдіріп, соғыстың барысын талқылайды.

Байденнің саммит аясында Украина президенті Владимир Зеленскиймен де бас қосатынын атап көрсеткен Ақ Үй АҚШ-тың Ресейге қарсы Украинаны табанды түрде қолдауды жалғастыратынын баса айтты.



Ұқсас жаңалықтар