2023 жыл қарулы қақтығыстар ең көп болған жылдардың бірі

Зерттеуде 2023 жылы қақтығыстарда 122 мыңнан астам адамның қаза тапқанын еске салды.

2151226
2023 жыл қарулы қақтығыстар ең көп болған жылдардың бірі

Дүние жүзінде шиеленіс пен зорлық-зомбылықтың артуына байланысты 2023 жыл қарулы қақтығыстар ең көп болған жылдардың бірі ретінде тіркелді.

Норвегиядағы Осло Бейбітшілікті зерттеу институты жүргізген зерттеуде 2023 жыл Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін (1945) дүние жүзінде ең көп зорлық-зомбылық пен қарулы қақтығыстар болған жылдардың бірі болады деп көрсетілген.

Зерттеу өткен жылы әлемде 59 қақтығыс болғанын, оның 28-і Африка құрлығында болғанын атап көрсетті.

Зерттеу жетекшісі Сири Аас Рустам «Қырғи-қабақ соғыс аяқталғаннан бері бүкіл әлемде зорлық-зомбылық ең жоғары деңгейге жетті» деп көрсетті.

Қақтығыстардың барған сайын күрделене түскенін айтқан Рустам, көптеген қақтығыстардың бір елде және әртүрлі елдерде болуы мүмкін екенін айтты.

Зерттеуде соңғы 3 жылдағы қақтығыстарда қаза тапқандар санының соңғы 30 жылдағы дәл осындай жағдайдан қайтыс болғандардан жоғары болғаны баса айтылды.

2023 жылы қақтығыстарда 122 мыңнан астам адамның қаза тапқанын еске салған зерттеуде өткен жылдың 3 айлық қысқа мерзімде Украинада 71 мың, Газада 23 мың адамның қаза тапқаны атап өтілді.



Ұқсас жаңалықтар