Ердоған Израильдің шабуылына наразылықтарын жалғастыруда

Президент Ердоған Анкарада өткен «Анадолы БАҚ марапаттау рәсімінде» сөз сөйледі.

2149289
Ердоған Израильдің шабуылына наразылықтарын жалғастыруда

Президент Режеп Тайып Ердоған Газа секторында соңғы 8 айда жасалған шабуылдарда 150 журналистің қаза тапқанын атап көрсетті.

Президент Ердоған «Бізге баспасөз еркіндігі туралы сабақ бергендер, Палестина территориясында болып жатқан оқиғалар туралы үнін шығармайды» деді.

Президент Ердоған ел астанасы Анкарада өткен «Анадолы БАҚ марапаттау рәсімінде» сөз сөйледі.

Ердоған Израильдің Газа секторына 7 қазаннан бері жалғасып келе жатқан және 36 мыңнан астам палестиналықты өлтірген шабуылдарына наразылықтарын жалғастырды.

«Адамдығымыз Исламмен бірге сыналған бұл ессіздікке қарсы әрекет ету Палестина халқының алдындағы гуманитарлық парызымыз» деген  Ердоған «Біз палестиналық бауырларымызды қорғаған кезде, біз іс жүзінде адамзатты қорғаудамыз. Сонымен бірге бейбітшілікті, әділеттілікті және еркіндікті қорғаймыз» деді.

Президент қанды қырғынға үн қата отырып, болашақ ұрпаққа бейбіт және әділ әлемде өмір сүру үмітін қалдыруды мақсат еткенін атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар