ЕО Ресейден келетін кибер шабуылдар қаупіне қарсы шараларға назар аударды

Вера Джурова «Ресей еуропалық ақпарат кеңістігіне тұрақты шабуылдарға көп қаражат салуда» деп көрсетті.

2142613
ЕО Ресейден келетін кибер шабуылдар қаупіне қарсы шараларға назар аударды

6-9 маусымда өтетін сайлауға бірнеше күн қалғанда Еуропалық Одақ (ЕО) Ресейден келетін кибер шабуылдар мен жалған ақпарат қаупіне қарсы шараларға назар аударды.

Бельгияның астанасы Брюссельде Еуроодақ елдерінің Еуропа істері министрлері бас қосқан Жалпы істер кеңесі отырысынан кейін ЕО комиссиясы төрағасының орынбасары Вера Джурова баспасөзге мәлімдеме жасады.

6-9 маусымда өтетін Еуропарламент  сайлауына шетелдік араласуды болдырмау үшін «демократия турына» барғанын айтқан Вера Джурова мүше 11 елге барғанын және олардың кейбірімен онлайн байланыста болғанын білдірді. .

Джурова «Бізге мүше елдердің барлығында көрген гибридті қауіптерге қарсы көптеген жаңа шаралар қабылдауға тура келді. Мүше елдер де жаңа қауіптерге қарсы шаралар қабылдау қажеттігін сезінгендерін растады» деді.

Джоурова жасанды интеллект арқылы сайлаушылардың қабылдауын жалған ақпараттандыру әдістерімен манипуляциялауға және ақпарат алудан, тыңшылық пен лоббистік әрекеттерден басталатын киберша буылдар жасауға болатынын түсіндірді.

Джоурова «Бізде шынымен де шешуіміз қажет салыстырмалы түрде жаңа қауіптердің толық себеті бар. Біз қорғансыз емеспіз. Бізде жедел ескерту жүйесі, ақпарат таратуға қарсы код, цифрлық қызметтер туралы заң сияқты шаралар бар» деді.

Вера Джурова «Ресей еуропалық ақпарат кеңістігіне тұрақты шабуылдарға көп қаражат салуда» деп көрсетті.

Джурова «Мен сайлауға дейінгі соңғы 10 күнде әртүрлі шабуыл түрлерінің көбеюін көреміз деп болжаймын» деді.



Ұқсас жаңалықтар