Ирактағы шабуылда  бес әскер қаза тапты

Мәлімдемеде шабуыл кесірінен полковник Халид Начи Висак және басқа да көптеген сарбаздың қаза тапқаны атап өтілді.

2139109
Ирактағы шабуылда  бес әскер қаза тапты

Иракта террор ұйымы ДАИШ ұйымдастырған шабуылда ішінде бір полковник бар бес әскер қаза тапты.

Ирак Қорғаныс министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Салахаддин қаласындағы әскери түйінге террорлық шабуыл жасалғаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде шабуыл кесірінен полковник Халид Начи Висак және басқа да көптеген сарбаздың қаза тапқаны атап өтілді.

Қауіпсіздік көздері «Террор ұйымы ДАИШ ұйымдастырған шабуылда ішінде полковник Висак бар 5 әскер шейіт болды, кейбірі жараланды» деп мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар