Ресейдегі су тасқыны

Су астындағы үйлер саны 15 мың 641-ге жетті.

2127914
Ресейдегі су тасқыны

Ресейде су тасқыны салдарынан су астында қалған үйлердің саны 15 мыңнан асты.

Ресей ақпарат агенттігіне сұхбат берген Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдерінің мәліметінше, 33 аймақтағы 193 елді мекен өзен тасқынынан зардап шекті. Су астындағы үйлер саны 15 мың 641-ге өссе, бау-бақшалар саны 4 мың 13-ке жетті.

Ресейдегі Қорған муниципалитетінің мәлімдемесінде судың қалаға қарай жылжып жатқаны атап көрсетілді.

Су басу қаупіне байланысты төтенше жағдай жарияланған Түмен облысының 8 елді мекенінде эвакуациялау жұмыстары басталды.

Түмен облысының губернаторы Александр Мур Есіл өзеніндегі су деңгейі 10 метрге жетуі мүмкін екенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар