Ауғанстанда су тасқыны

33 адам қаза тапты.

2127655
Ауғанстанда су тасқыны

Ауғанстанда соңғы 3 күнде болған су тасқынынан 33 адам қаза тапты.

Ауғанстан уақытша үкіметінің табиғи апаттарға жауапты мемлекеттік министрлігінің баспасөз хатшысы Молла Канан Саик баспасөзге берген мәлімдемесінде ең көп шығын Фарах, Герат, Забул және Кандагар әулаяттарында тіркелгенін айтты.

Соңғы 3 күнде ел бойынша 21 уәлаятта су тасқыны болғанын атап көрсеткен Саик 33 адамның қаза болғанын, 27 адамның жараланғанын айтты.

Саик 200 малдың қырылғанын, 600-ден астам үйдің ішінара зақымданғанын немесе толығымен қирағанын, 2 мың дектар ауылшаруашылық жерінің жарамсыз болғанын мәлімдеді.

Ықтимал су тасқыны салдарынан жан мен мал шығынының артуы мүмкін екенін айтқан Саик көмек топтарының жұмылдырылғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар